"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

15.03.2024 ж Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы мәжіліс залында Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының, тырысқақ (холера) зертханасының меңгерушісі Рсалиева Фарида Рсалиевна, Ұлттық сараптама орталығы «Аса қауіпті инфекция » зертханасы меңгерушісі Айкодыкова Анар Киштановна.

Қызылорда қалалық санитария лық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы Сқақова Жанат Ноғайқызының қатысуларымен кең көлемді семинар сабақ өткізілді.
Семинар тақырыптары:
1. «Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы және алдын алу, атқарылуға тиісті шаралар »
2.»Аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы» жайында,
3.»Оба (чума), тырысқақ (холера ) аса қауіпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары,табиғи ошақтары түрлері,жалпы клиникалық белгілері,алдын алу шаралары атап өтілді.
Семинар сабаққа барлық қала бөлімше қызметкерлері,сонымен қатар аудан бөлімше қызметкерлері zoom платформасы арқылы тіркеліп қатысты. Семинар сабақта қызметкерлер мамандарға сұрақтар қойып, ұтымды жауаптарын алды.
Кез келген науқаспен бірінші кездесетін жедел жәрдем қызметкерлері сондықтан ,науқасты толық қарап,эпидемиологиялық анамнезін зерделеп,алгоритм бойынша көмек көрсетіп,ауруханаларға дер кезінде жеткізу.
Сонымен бірге аса қауіпті, жұқпалы науқасқа барғанда бірінші кезекте жеке басымызды қорғау мақсатында бір реттік обаға қарсы костюмдарымызбен, маска,қолғап киіп медициналық көмек көрсету керегін атап өтті ,ОМЖЖ стансасы бас дәрігердің медицина ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Нурсейтова.