"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

Бүгін, халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығымен және жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, қыркүйек айының 17-19 күндері аралығында Ақтау қаласында өткізілді.
Аталмыш шара барысында халықаралық жедел жәрдем қызметкерлері чемпионатында Кеңейтілген реанимация бағдарламасы бойынша 23 команда арасынан (20 республика, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Беларуссия) Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының командасы жүлделі 1 орын иеленді.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!