🔷Облыстық жедел жәрдем стансасының жылдық жоспарына сәйкес облыс тұрғындары арасында алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын насихаттау мақсатында халық көп жиналатын жерлерде облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігерінің медицина ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Талғатқызы және қызметкерлер “Aray city mall”, “Жібек жолы”, “Темір жол Вокзалында” облыс тұрғындарының қатысуымен алғашқы көмекті қалай көрсетіп, құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені өткізілді.
Алғашқы көмек – медицина қызметкерлері келгенше көрсетіледі. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез-келген адам көрсете алатындығы кеңінен түсіндіріліп, көрсетілді.
Тұрғындарға естен тану,тыныс алу жолдарының бітелуі, қан кету, күйіктер, дене құрысуы жөнінде кеңінен айтылды. Халыққа үндеу парақшалары таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Алғашқы көмек көрсету-әрбір адам үшін маңызды!
