"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

10-қантар Қызылорда-Астана бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған
Бектұрған Дінмұхамед тек ата-анасының емес,бүкіл Қазақ елінің мақтанышы!!!
Дінмұхаммедтің әкесі Нұрболат Бектұрғанұлы жеке кәсіпкер болса,
ал анасы Галия Талғатқызы Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
Сонымен бірге ата әженің тәрбиесін алған Дінмұхаммед қазіргі таңда Астана медицина университетінің 7-курс студенті .

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Бектұрған Дінмұхамедтің ата-анасымен кездесіп,Дінмұхаммедтің жаста болса шұғыл,әрі батыл сауатты медициналық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Баласына жақсы тәлім-тәрбие берген ата анасына алғысын жеткізді.
Ата-анаға осыдан артық бақыт бар ма?
Облыс әкімі Дінмұхаммедтің әрі қарайғы оқуының (резидентура) ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты.
Дінмұхаммедтің болашақ мықты дәрігер болып,еліне қызмет етуіне тілектеспіз!