Бас дәрігер Бауыржан Төлегенұлы 2024 жылда атқарылған жұмыстар бабымен таныстырды.
Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы 2024 жыл қорытындысы бойынша 439 889 шақырыс орындап,ол 2023 жылмен салыстырғанда 2,8% ға өскенін
(2023 жылы 427 371 ) көрсетуде.
Кешігіп орындалған шақырыстар саны 7211 яғни 1,6% ды құрайды. Кешігіп орындалған шақырыстардың өз себептері бар ( ол дегеніміз қарбалас уақытта » час пик» түскен шақырыстар).
Жедел жәрдем жұмысының бірден бір жақсы көрсеткіші нәтижелі реанимация
💯( успешная реанимация).
Нәтижелі реанимация 2024 жыл қорытындысы бойынша 66,7%ды құрайды. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары көрсетуде ( ҚР бойынша 45%).
Бұл қызметкерлеріміздің үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ( BLS ,ASLS, PALS ,PHTLS, NRP) оқытылып отыруының нәтижесі десек болады.
💢💢💢Қорытындылай келе 2024 жылы атқарылған жұмыстар:
ОДСБ ұсынысымен,жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жедел жәрдем топтарына 55 планшет,10 компьютер,21 пациент мониторы,бейне бақылау камералары және авариялық жағдайда қолданылатын автоматты дизельді электростанция алынды.
💫💫💫Петропавл қаласында өткен «Халықаралық қатысуымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының республикалық спартакиадасынан » 20 топтың ішінде 6- орынды иеленді.
💥💥💥»Халықаралық мейірбикелер күніне » орай облыстық деңгейдегі «Үздік фельдшер» ,»Үздік мейіргер»,»Үздік акушер » атты кәсіби конкурста жедел жәрдем фельдшері «Үздік фельдшер» номинациясын жеңіп алды.
Жиын соңында 50 жылға уақыт жедел жәрдем станциясында еңбек етіп отырған (әліде еңбек етуде)
сала ардагері
Сағындық Шәмшиевич сөз сөйлеп Бауыржан Төлегенұлы басқарған ұжымға рахметін айтып, атқарылып отырған жұмыстың ауқымы кең екенін атап өтті.