Жыл сайын бүкіл әлемде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі. Бұл күні денсаулықтың маңыздылығы және ауруды дер кезінде алдын-алу қажеттілігін еске салады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – денсаулық» ,- демекші облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медициналық мекемелер арасында “Walk the Talk” акциясы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жаздық спорт алаңында өтті.
Спорттық шараға 24 медициналық мекеме қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жүзден жүйрік екендіктерін, жеңісті қолдан бермей II орынды иеленді.
Әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Денсаулық күніне орай спорттық эстафетадан әріптестеріміз жеңістің биігінен көрінді
