"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Е.Ысқақов және филиал заңгері М.Абдрасуловтың қатысуымен кәсіподақтар төрағалары мен еңбек ұжымдарының мамандарымен және техникалық инспекторларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында медицина саласының аймақтағы еңбек қауіпсіздігінің жай-күйі баяндалып, оның шешілу мәселелерін атап өтті.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Е.Ысқақов денсаулық саласындағы еңбек қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын мамандарға жеткізді. Филиал заңгері М.Абдрасулов Қазақстан Республикасының еңбек кодексіндегі қауіпсіз еңбекке байланысты талаптарымен, оны ұйымдастыру мәселелері және өндірістік кеңестің жұмыстарына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.