Семинар сабақты қызметкерлерге практика жүзінде түсіндіріп,науқасқа кез келген иньекциялық көмек көрсеткен жағдайда қорғаныш құралын қолдану керектігін ескертілді.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыру жағдайлары :
науқас тамырынан қан алып жатқанда, катетр салып жатқанда, компьютерлік томографияда тамырға контраст ерітінді енгізу кезінде,саусақтан қан алу жағдайларында кездесіп жатады..
Сақтансан сақтаймын дегендей қабылдауға ( жедел жәрдемде шақырысқа барғанда) кез келген пациенттің қаны потенциалды АИТВ жұқтырған болуы мүмкін деп қаралу керек;
Екіншіден пациенттің диагнозына қарамай сақтану шаралары барлық уақытта жүргізілуі қажет.
Қанның және басқа биологиялық сұйықтықтың денемен жанасуын болдырмау қажет.
Сонымен бірге қызметкерлерге тыйым салынады :
Биосұйықтықтармен жанасу мүмкіндігі бар жұмыс орындарында тамақ ішуге,темекі шегуге,макияж жасауға;
Биомұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе орындарда тамақ және сусындар сақтауға ;
Қанмен ластанған сынықтарды қолмен көтеруге;
Шприцтерден инелерді шешуге,майыстыруға,сындыруға оларға қалпақшаларын кигізуге және ластанған өткір аспаптармен осындай әрекет жасауға;
Көп рет қолданылатын түйрейтін және кесетін аспаптарға арналған контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға ,қолмен ашуға,контейнерлерді босатуға тыйым салынады.
Өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамай сақтық шараларын сақтайық.