"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

Баршаңызды кәсіби мереке – Медицина қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе. «Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда науқастың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады.
Сіздерге қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!
Ізгі ниетпен, Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері ТӨЛЕГЕН БАУЫРЖАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ