ҚРДСМ штаттан тыс бас балалар инфекционист дәрігері іс сапары барысында қала,аудан емдеу мекемелерінің мамандарына дәріс оқыды. Семинар сабақтың тақырыбы: » ЦМВИ ,диагностика,емдеу тактикасы» , «Көкжөтел. Диагностика,жүргізу тактикасы » және » Менингококк инфекциясын ерте анықтау және емдеу » қамтылды. Сапар барысында Динагүл Аяпбекқызы облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында болып, шақырыс топтарының жұмыстарымен танысты. Санитарлы автокөліктің медициналық құрал жабдықтарының жабдықталуын,қызметкерлердің «Инфекционды- токсикалық шок» кезінде көрсетілетін кәсіби деңгейін , білімін бақылап, оң бағасын берді .