"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

29.10.2024 ж «Достық» үйiнде «Республика күні» Ұлттық мерекесіне арналған медицина қызметкерлері арасында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылған мерекелік шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары
Жаналинов Данияр Еренғалиұлы медицина қызметкерлерін ұлық мерекемен құттықтап, сала мамандарына марапат табыс етті. Одан соң аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы марапаттар легiн жалғастырды.
Денсаулық сақтау саласы – Қазақ елінің болашағы үшін маңызы зор салалардың бірі .Мерекеге орай
Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы қызметкерлернің еңбектері бағаланып, марапатарға ие болды.
Қазалы жедел жәрдем
бөлімшесінің дәрігері
Серік Аширбаевич Қазыбаев «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен,
фельдшер Нысанбаева Қаламқас, фельдшер Серикбаева Гаухар
«Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгілерімен марапатталды.
Сонымен қатар ҚР ДСМ нің «Құрмет грамотасымен» дәрігер Умирзакова Шакизина Құланбаевна, ҚР ДСМ нің «Алғыс хатымен» фельдшер Мықтыбаев Шарапат марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!
Дендеріңізге саулық,, отбастарыңызға амандық,,бақ,береке тілейміз.