"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының басшылығы кезекті игі іс-шараны ұйымдастырып,балаларды қуанышқа бөледі.
«1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының емделуші балақайлардың қал-жағдайларын сұрап, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сыйлықтарын апарып, езулеріне күлкі ұялатты.
Іс – шара барысында сыйлықтарды үлестіріп, өздерінің жедел жәрдем қызметкерлері екендіктерін жеткізіп, әлемде ешбір бала жыламасын және барлық армандарың орындалсын. Ең бастысы дендерің сау болып, ауырмаңдар! деп тілек білдірді.