"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы" парақшасына қош келдіңіз!

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының ақ халатты абзал жандарына «Достық үйі» ғимаратында «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс – шарасы өтті.
Денсаулық – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Халықпен біте қайнаскан қастерлі еңбек иесі — медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен аталып өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денеге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.
Жалпы облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында 962 қызметкер адал қызмет атқаруда. Дәрігерлер саны – 65, орта буын қызметкерлері – 560, 245 –көлік жүргізуші халық үшін күн – түн демей қызмет атқаруда.
Салтанатты шараға Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Майя Мейрамбайқызы, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Шамшиев, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ысқақов Сәулебек Есқожаұлы қатысты.