Биылда жылдағы үрдіспен Халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты өткізілуде. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығымен және жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, қыркүйек айының 17-19 күндері аралығында Ақтау қаласында өткізілуде.
Салтанатты шараны “Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының “басқарма төрағасы Тимур Мұратұлы Мұратов ашты.
Бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 23 команда “үздік бригада” атағына таласатын командалар жиналды.
Сыр елінің намысын қорғау үшін Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері ТӨЛЕГЕН БАУЫРЖАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ бастаған команда аймақтық беделін қорғауда. Ал, сайысқа жәдел жәрдем стансасының білікті мамандары дәрігер Медетова Ляззат Даутбаевна және фельдшерлер Гажденбек Ақерке Ғалымжанқызы мен Қыстаубаев Саят Балғабайұлы қатысуда.
Әріптестерімізге жеңіс, өзге қатысушыларға сәттілік тілейміз!
